Accessibility links

БҰҰ Ливиядағы қылмыс жайлы есебін жариялады


"Ливияның бұрынғы басшысы Муаммар Каддафидің жақтастары да, оппозиция да әскери және адамзатқа қарсы қылмыстар жасаған" дейді БҰҰ сарапшылары.

БҰҰ арнайы комиссиясының бүгін жарияланған есебіне қарағанда, сол кездегі Ливия билігінің жақтастары қарапайым халықты үнемі азаптап, қорлап, өлтіріп, басқа да зорлық-зомбылық көрсеткен. Ереуілшілер де заңсыз тұтқындау, азаптау, кісі өлтіру сияқты қылмыстар жасаған.

Комиссия НАТО-ның Ливиядағы әрекетін «ойластырылған» және «бейбіт халықты аман алып қалуға бағытталған» іс болды деп бағалайды.

БҰҰ сарапшылары бұл есебінде Муаммар Каддафидің дәл қай күні көз жұмғанын анықтай алмағандарын, өйткені Ливия билігі оның мәйітін тексеруге бермей қойғанын да жазған.
XS
SM
MD
LG