Accessibility links

Сирия: Хомста атыс болып жатыр


Сирияның Хомс қаласы. 2 наурыз 2012 жыл.

Сирияның Хомс қаласы. 2 наурыз 2012 жыл.

Сирияның үкімет әскері бүгін Хомс қаласындағы тұрғын аудандарды атқылай бастады. Халықаралық Қызыл крест комитеті өкілінің хабарлауынша, Дамаск Хомсқа гуманитарлық көмекті кіргізбей қойған.

Бүгін таңертең екі мыңдай жауынгер, 15 танк Сирияның Түркиямен шектес Идлиб уәлаятындағы Айн әл-Бейда ауылына басып кірді. Ол ауылда билік әскері мен оппозиция жасағы соғысып, үйлер өртеніп жатыр.

Сирияның мемлекеттік SANA агенттігінің хабарлауынша, елдің оңтүстігіндегі Дераа қаласында бір жанкешті өзін-өзі жарып, соның кесірінен екі адам көз жұмды, 20 адам жараланды. Олардың арасында ішкі әскер қызметкерлері де бар.

Сирияда биылдың өзінде отызға тарта адам терактіден қайтыс болды. Дамаск бұл жарылыстарды жасаған лаңкестер (яғни биліктің ойынша, оппозиция) деп біледі.
XS
SM
MD
LG