Accessibility links

Жаңаөзенде ешкім судан зардап шеккен жоқ


Жаңаөзен қаласының маңындағы Рахат-1 шағын ауданында екі үйдің жертөлесі судан тазарды, Қызылсай ауылындағы 12 адам үйлерін тастап, Жаңаөзендегі балалар үйін паналады деп хабарлайды Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі.

Жаңаөзендегі жертөлесіне су басқан № 21 мектепте оқу тоқтаған. Тұрғындардың арасында зардап шеккен ешкім жоқ.

Жаңаөзен қаласының маңындағы Рахат-1,2,3 шағын аудандары мен Қызылсай және Теңге ауылдарында наурыздың 1-і күні 42 үй-жайды су басқан еді. Үйлерге құлау немесе қирау қаупі төніп тұрған жоқ.

Қазір 10 аумақта тазалау-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы, бұл іске құтқару қызметінің 143 адамы мен 96 техникасы жұмылдырылды дейді төтенше жағдайлар министрлігі.
XS
SM
MD
LG