Accessibility links

Польшадағы апат құрбандарын құтқару аяқталды


Польшаның Щекочины қалашығында соқтығысқан екі пойыз. 3 наурыз 2012 жыл
Польшаның Щекочины қалашығында соқтығысқан екі пойыз. 3 наурыз 2012 жыл

Жергілікті билік орындарының хабарлауынша, наурыздың 3-і кешкісін Польшаның оңтүстігінде екі пойыз соғылып, 16 адам қаза болған. Жараланғандардың саны 60-қа жетті.

Жексенбі күні апат орнына барған Польшаның премьер-министрі Дональд Туск бұл оқыс оқиғаға елде соңғы жылдары болған ең қайғылы пойыз апаты деген баға берді.

Жараланған адамдардың жартысы ауыр халде деп хабарланды. Жолаушылардың арасында Украина, Испания мен Франция азаматтары да болған. Бірақ, олардың арасында жарақат алғандары жоқ.

Жексенбі күні апат орнына жеткен Польша президенті Бронислав Коморовский пойыз ішінде қалған құрбандарды түгел алып шыққан құтқарушыларға алғыс айтты.

350 адам мінген пойыз бір-біріне қарсы бір рельстің бойымен жүйткіп келе жатып, Щекочины қалашығының тұсында соқтығысқан. Польшаның прокуратурасы апаттың себептерін тексеруді бастап кетті.
XS
SM
MD
LG