Accessibility links

Ошта қалалық кеңес сайлауы өтті


Оштағы сайлаудан көрініс. 4 наурыз 2012 жыл

Оштағы сайлаудан көрініс. 4 наурыз 2012 жыл


Наурыздың 4-і Қырғызстанның бірқатар аймақтарында жергілікті кеңес деңгейінде, оның ішінде Ош қаласында қалалық кеңес бойынша сайлау өтті. Жеті саяси партиядан ұсынылған 600 кандидат жергілікті заң шығарушы органға мүше болу үшін бәсекеге түсті.

Ош қаласының ішкі істер басқармасының бастығы Кылычбек Жолдошевтің сөзінше, милиция наурыздың 2-сінен бастап ерекше сақтық шараларын қолға алған. Оның хабарлауынша, 900-ге тарта милиционер және 600-ге жуық ерікті сайлау учаскелерін бақылап тұруға міндеттелді. Қалаға кіре беріске жеті тексеру посты қойылды.

Милиция сайлау қарсаңында 70 учаскені арнайы жаттықтырылған иттермен тексеріп шықты. Осылайша жергілікті билік терактілердің алдын алуға тырысып отыр.

Өткен бейсенбі күні Ошта әділ сайлау талап етуші мыңдаған адам қатысқан митинг өткен.

Азаттық радиосының Қырғыз қызметі тілдескен кезде Токмок қаласының қалалық сайлау учаскелерінің бірінің төрайымы Элмира Жакыпова да осыған ұқсас қауіпсіздік шаралары жасалғанын мәлімдеді.

Ал Ош аймақтық сайлау комиссиясының басшысы Саадат Маматалиева наурыздың 4-і Азаттық радиосының Қырғыз қызметіне былай деді:

- 92,808 сайлаушы дауыс берді. Бұл - Оштағы барлық сайлаушының 75.2 пайызы. Жергілікті сайлау учаскелері дауыс санап жатыр. Қорытынды хаттамалар әлі түскен жоқ. Дауыс беруді бұрмалауға қатысты көп шағым түсті. Оның бәрін ресми хаттама келгесін тексереміз.
XS
SM
MD
LG