Accessibility links

Ресейде бюллетендердің 90 пайызы саналды


Владивостоктағы сайлау учаскесінде сайлау комиссиясы мүшелері дауыстарды санап жатыр. Ресей, 4 наурыз 2012 жыл.

Владивостоктағы сайлау учаскесінде сайлау комиссиясы мүшелері дауыстарды санап жатыр. Ресей, 4 наурыз 2012 жыл.

Ресей орталық сайлау комиссиясы бюллетендердің 90 пайыздан астамын санап, президент сайлауының алдын-ала нәтижесін жариялады. Ол дерек бойынша, премьер-министр Владимир Путин әзірге 65 пайызға жуық дауыспен, алда келеді.

Екінші орында 17 пайыз дауыс жинаған Геннадий Зюганов, үшінші орында 7 пайызбен бизнесмен Михаил Прохоров тұр. Владимир Жириновский мен Сергей Миронов төртінші және бесінші орында.

Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі сайлаудың түпкілікті нәтижелері әлі шыға қойған жоқ. Бақылаушылардың хабарлауынша, осы екі қалада сайлау заңдылықтары көп бұзылған. Бақылаушылар сайлауда бюллетендерді топтап салу, хаттамаларды қайта толтыру, "карусель" сияқты әдістер қолданылғанын айтады.

Мәскеуде сайлаудың бастапқы нәтижелері бойынша Путин 50 пайыз дауыс жинаған. Бұл Ресей аумағы бойынша ең төменгі көрсеткіш. Ал ең жоғарғы көрсеткіш Шешенстанда Путинге 99,8 пайыз дауыс берілген.

Сайлауға бақылау жасайтын "Голос", "Ресей сайлауы" сияқты тәуелсіз ұйымдар бюллетендерді сайлау комиссияларымен қатар санап жатыр. Олардың есебі бойынша, Путинге 50 пайыздан астам дауыс берілген.
XS
SM
MD
LG