Accessibility links

Конгодағы жарылыстан 206 адам қаза тапты


Браззавильдегі жарылыс болған аумақтан әуеге көтерілген түтін. Браззавиль, Конго, 4 наурыз 2012 жыл.

Браззавильдегі жарылыс болған аумақтан әуеге көтерілген түтін. Браззавиль, Конго, 4 наурыз 2012 жыл.

Конго астанасы Браззавильде жексенбі күні президент резиденциясына жақын орналасқан қару-жарақ қоймасында жарылыс болды. Жарылыстан 206 адам қаза тапты. Жүздеген адам жараланған. Олардың қатарында құрылыс компаниясында жұмыс істейтін қытай азаматтары да бар.

Кейбір хабарларға қарағанда, қоймадағы жарылыстан жақын маңдағы ғимараттар да қираған. Сондықтан құрбан болғандар саны бұдан да өсе түсуі мүмкін.

Жарылыс болған кезде президент резиденцияда болмаған.

Франция үкіметі Конгоға гуманитарлық көмек көрсетушілер тобын аттандыратынын хабарлады.
XS
SM
MD
LG