Accessibility links

Иран құқық қорғаушысы 18 жылға сотталды


Иран билігі құқық қорғаушы Абдулфаттах Солтаниді "үкіметке қарсы қызмет істеді және ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірді" деген айыппен 18 жылға соттады.

Солтанидің әйелі Масуме Деганидің айтуынша, Солтаниге үкім жексенбіде шыққан.

Нобель сыйлығының иегері Ширин Эбадимен бірге Иранда адам құқықтарын қорғаушылар орталығын құрған Солтаниге 20 жылдан бері құқық қорғаумен айналысуға тыйым салынып келген еді.

2011 жылдың қыркүйегінде орталық басшысының орынбасары Наргес Мохаммади де "режимге қарсы үгіт-насихат жүргізді" және "ұлттық қауіпсіздікке қарсы құпия түрде жоспар жасады" деген айыппен 11 жылға сотталған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG