Accessibility links

Арон Атабек Қарағанды түрмесіне ауыстырылды


18 жылға сотталған диссидент Арон Атабек.
18 жылға сотталған диссидент Арон Атабек.
Қылмыстық атқару жүйесі комитеті Азаттық радиосының ресми сауалхатына жауап берді. Азаттық 18 жылға сотталған Арон Атабектің қазір қайда екенін сұраған болатын.

Комитеттің хабарлауынша, 59 жастағы Арон Атабек қазір Қарағандыдағы АК-159/1 колониясында. Оның денсаулығы бірқалыпты.

2006 жылғы «Шаңырақ оқиғасына» қатысты қылмыстық іс бойынша 18 жылға сотталған Арон Атабек әуелі Қаражалдағы түрмеге түскен еді. Сол түрмеде "тәртіпке мойынсұнбады" деген айыппен мерзіміне тағы екі жыл қосылып, ол 2010-2012 жылдар аралығында Арқалық қаласының түрмесінде болды.

Оның бұл түрмедегі мерзімі аяқталып, енді Қаражалға қайтуы тиіс еді. Бірақ туыстары оның қазір қайда екенін біле алмай отырғанын айтып, қазақстандық және халықаралық ұйымдарға хат жазған.
XS
SM
MD
LG