Accessibility links

Бүгін - Әлихан Бөкейханның туған күні


Әлихан Бөкейханның 145 жылдық мерейтойына шығарылған, әлихантанушы ғалым Сұлтан Хан Аққұлұлы құрастырған жеті томдық жинақ.

Әлихан Бөкейханның 145 жылдық мерейтойына шығарылған, әлихантанушы ғалым Сұлтан Хан Аққұлұлы құрастырған жеті томдық жинақ.

Бүгін, наурыздың 5-і - 20-ғасыр басындағы қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық "Алаш" қозғалысының жетекшісі, "Алашорда" автономиялы үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханның туған күні.

Әлихан Бөкейхан 1866 жылы бұрынғы Семей облысында дүниеге келген. Санкт-Петербургте білім алған ол сол кезде Ресейдегі түрлі қозғалыстар мен партиялардың жұмысына араласып, тәжірибе жинайды. Ол 1906 жылы бірінші мемлекеттік думаға депутат болып сайланды. 1917 жылдың желтоқсанында бүкіл қазақ құрылтайында "Алаш" автономиясы жарияланып, Әлихан Бөкейхан "Алашорда" автономиялы үкіметінің төрағасы болып сайланды.

1937 жылы, 71 жасында Мәскеуде Сталиннің бұйрығымен атылды.

Әлихан Бөкейхан 1989 жылы мамырдың 14-інде СССР жоғарғы кеңесінің қаулысымен ақталды.
XS
SM
MD
LG