Accessibility links

Иракта терактілерден 27 полицей қаза тапты


Ирактың батысындағы Хадит қаласында дүйсенбі таң ата полиция бекеттеріне жасалған шабуылдан 27 полицей қаза тапты.

Полиция лейтенанты Ваид Халафтың айтуынша, полицей киіміндегі бірнеше қарулы адам полицияның тексеру-өткізу бекеттеріне, қауіпсіздік қызметінің кеңселері мен офицерлер үйлеріне шабуыл жасаған. Атыс кезінде шабуылдаушы жақтан бір адам қаза тапқан.

Хабарларға қарағанда, шабуылдарға әр жерде барлығы 50-ден астам қарулы адам қатысқан.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG