Accessibility links

Анкарада премьер-министр кеңсесі маңында жарылыс болды


Түркия полициясы премьер-министр Режеп Тайып Ердоғанның Анкарадағы резиденциясы жанында шағын бомба жарылғанын хабарлады. Жарылыстан бір адам жараланған.

Түркияның мемлекеттік телеарнасының ақпараты бойынша, жарылған бомбаның қуаты аз болған. "Мұндай бомбалар жарылғанда дыбысы қатты шыққанымен, көп зардап келтірмейді. Полиция жарылыс болған аумақта басқа да жарылғыш заттардың бар-жоғын тексеріп жатыр" деп хабарлайды телеарна.

Өткен аптада Стамбулда Режеп Тайып Ердоған басқаратын "Әділет және даму" партиясының кеңсесі жанында да алыстан басқарылатын бомба жарылып, 15 полицей мен бір тұрғын жараланған болатын. Жарылыстарды кім ұйымдастырғаны белгісіз.

Түркияның оңтсүтік шығысында автономия алуға күресіп жүрген күрдтер, одан өзге радикалды солшылдар мен исламшыл бүлікшілер бұған дейін бірнеше жарылыс жасаған болатын.
XS
SM
MD
LG