Accessibility links

Беларусь белсендісі Коваленконың денсаулығы нашарлады


Беларусьтің Біріккен азаматтық партиясы пен «Молодой фронт» оппозициялық қозғалысы бұл елдің бас прокуратурасын оппозиция белсендісі Сергей Коваленконы денсаулығының нашарлауына байланысты түрмеден үй қамаққа ауыстыруға шақырды.

Кеше Минск түрмесінде Коваленкомен кездескен туыстары "Ол әлсіреп қалған. 2011 жылы желтоқсанда аштық жариялады, содан бері 30 килограмға арықтап кеткен" деп мәлімдеді. Сергей Коваленко туыстарына аштықты жалғастырып жатқанын айтқан.

37 жастағы Сергей Коваленко - Консервативтік-христиан партиясының мүшесі. 2010 жылғы қаңтарда "Беларусьтің тыйым салынған ұлттық туын қоғамдық орынға алып шықты" деген айыппен үш жылға бас бостандығынан айырылды. 2011 жылы желтоқсанның 19-ы мерзімінен бұрын босап шыққан оны полиция "заң бұзды" деген айыппен қайта тұтқындаған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG