Accessibility links

Вышеград тобы алты елге жәрдемдеспек



Кеше Прагадағы саммитте Еуропа Одағына мүшелікке өткен бұрынғы коммунистік елдердің сыртқы істер министрліктері постсоветтік алты елге саяси және экономикалық реформалар жүргізуге көмек беру жоспарын бекітті.

Вышеград төрттігінің өкілдері Шығыс әріптестігі бағдарламасына қол қойды. Бұл шешімнің қабылдануына төрттікке кіретін бұрынғы коммунистік елдер - Польша, Чехия, Словакия және Венгрия өкілдерінің 2011 жылғы маусым айында Братиславада болған кездесуі әсер етті.

Бұл жоспар Украина, Грузия, Армения, Әзербайжан, Молдова және Беларусь мемлекеттеріндегі реформаларға жәрдем көрсетеді. Аталған алты ел Еуропа Одағының Шығыс әріптестігі бағдарламасына енгізілген.

Бірақ Беларусь билігінің өкілдері Еуропа Одағымен қарым-қатынастарын нашарлатып алғаннан кейін бұл кездесуге барудан бас тартыпты. Саммитке Еуропа Одағының сыртқы істер жөніндегі өкілі Кэтрин Эштон, Еуропа Одағының ұйымды кеңейту мәселелері бойынша комиссары Штефан Фюле, Балтық елдерінің өкілдері мен Данияның сауда министрі қатысты.
XS
SM
MD
LG