Accessibility links

"Талибан" АҚШ әуе базасында жарылыс жасады


Сөйлесіп тұрған ауғандықтар. Кабул. 29 қараша 2009 жыл. (Көрнекі сурет)
Сөйлесіп тұрған ауғандықтар. Кабул. 29 қараша 2009 жыл. (Көрнекі сурет)
Кеше Ауғанстандағы "Баграм" АҚШ әскери әуе базасында жарылыс болып, екі бейбіт тұрғын қаза тапты. Жарылысты жанкешті терроршы жасаған. Жанкешті әуе базасы қақпасының алдында тұрған НАТО көлігін жармақ болған.

Шабуылдың жауапкершілігін "Талибан" ұйымы мойнына алып, "бұл - "Баграм" әуежайындағы Құран кәрімді өртеу оқиғасына байланысты кек алу әрекеті" деп мәлімдеген.

Ақпанның 20-сы күнгі Құран өртеу оқиғасынан кейін Ауғанстан мен АҚШ-тың арасы күрт шиеленісті. Одан кейінгі "кек алу" әрекеттерінің салдарынан 30 адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG