Accessibility links

Бакиевтің түрмедегі ағасы жоғалып кетті


Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бәкиевтің ағасы Ахмат Бәкиев. Бішкек, 12 қаңтар 2011 жыл.

Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бәкиевтің ағасы Ахмат Бәкиев. Бішкек, 12 қаңтар 2011 жыл.

"Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің ағасы Ахмат Бакиев түрмеден қашып кетуі мүмкін" деп хабарлады Қырғызстанның жазаны орындау мемлекеттік қызметінің өкілі Александр Никсдорф.

Оның айтуынша, Ахмет Бакиев наурыздың 3-інде өкпесін емдету үшін ауруханаға түскеннен бері ұшты-күйлі жоқ.

Құрманбек Бакиев биліктен қуылғаннан кейін, 2011 жылы Ахмат Бакиев жеті жарым жылға сотталды. Ол 2010 жылғы мамыр-маусым айларында ел оңтүстігінде болған тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деп айыпталды. Ахмат Бакиев жазасын қоныстандыру колониясында өтеп жатқан болатын.

Қырғызстан соты қазір Беларусьте тұратын Құрманбек Бакиевті және оның 20-дан астам көмекшісін жүздеген адамның қазасына кінәлі деп тауып, сырттай соттаған еді.
XS
SM
MD
LG