Accessibility links

Төреғожинаға митинг өткізуге рұқсат бермеді


Азаматтық белсенді Бақытжан Төреғожина.

Азаматтық белсенді Бақытжан Төреғожина.

Алматы әкімдігі азаматтық белсенді Бақытжан Төреғожинаның 24 наурызда Алматыда Жаңаөзен оқиғасының 100 күндігіне орай митинг өткізу туралы өтінішіне рұқсат бермеді. Бұл жайында Азаттық тілшісіне Төреғожинаның өзі айтты.

Төреғожинаның сөзіне қарағанда, әкімдік өтініште шараға қатысуы тиіс бір адамның жұмыс орны көрсетілмей қалғанын алға тартқан. Ал Төреғожина өтініште өзінің жұмыссыз екен көрсеткенін айтады.

Әйтсе де, ол әкімдікке 29 орында митингі өткізуді сұрап өтініш бермек.
XS
SM
MD
LG