Accessibility links

Сот Козловтың әйелінің шағымын қанағаттандырмады


Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова.
Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова.
Сәрсенбіде Алматы қалалық соты тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекованың күйеуіне қорғаушы болу туралы апелляциялық шағымын қанағаттандырмады.

Әлия Тұрысбекованың айтуынша, сот жабық өткен. Соттың бүгінгі шешіміне қарсы республикалық, я одан да жоғары тұрған органға шағымдануға болмайды. Бірақ ол бас прокуратураға шағым түсіретінін айтады.

21 ақпанда Алмалы аудандық соты Әлия Тұрысбекованың күйеуіне қорғаушы болу туралы талабынан бас тартқан шешім шығарған болатын. Сот Тұрысбекова Козловтың ісіне куәгер ретінде қатысады дегенді алға тартқан. Ал ол бұл шешімнің үстінен Алматы қаласының сотына шағымданған.

26 қаңтарда Владимир Козлов соттың санкциясымен "әлеуметтік араздықты қоздырды" деген айыппен екі айға қамалған еді.
XS
SM
MD
LG