Accessibility links

Ауғанстанда қар көшіп, 47 адам қаза тапты


Құтқарушылар Ауғанстанның солтүстігіндегі Бадахшан уәлаятында бір ауылда қар көшкінінің астында қалған 47 адамның мәйітін шығарып алды.

Наурыздың 4-інде 200-дей тұрғыны бар ауыл қар көшкінінің астында қалған болатын. Уәлаят вице-губернаторы Шамс Уль Рахман үйлерінде қалып қойған кейбір адамдар әлі де тірі деп үміттенеді.

Әзірге тек үш әйел мен бір бала ғана құтқарылған.

Құтқарушыларда қажетті құрал-жабдық, техника жетіспейді. Қарды тек күрекпен аршып жатыр.

Бадахшан уәлаяты Ауғанстанның қар ең көп түсетін таулы аймағында орналасқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG