Accessibility links

Брейвикке лаңкестікке байланысты айып тағылды


77 адамды атып өлтіріп, 242 кісіні жаралаған Андерс Брейвик. Осло, 6 ақпан 2012 жыл.

77 адамды атып өлтіріп, 242 кісіні жаралаған Андерс Брейвик. Осло, 6 ақпан 2012 жыл.

Норвегия азаматы, 2011 жылы 22 шілдеде 77 адамды атып өлтіріп, 242 кісіні жаралаған Андерс Брейвикке "лаңкестік әрекет жасады" деген айып ресми түрде тағылды. Осло түрмесінде отырған айыпкерге бұл хабарды адвокаты хабарлады.

Айыптаушылардың пікірінше, Брейвик психикалық ауытқуға ұшыраған. Прокурорлар оны түрмеге емес, есі ауысқан адамдарды емдейтін ауруханаға жіберуді жөн көреді.

Брейвик айыбын мойындамай отыр. Алдын-ала тергеу барысында ол қаза тапқан және жараланған адамдарды «сатқындар» деп атады. Оның ойынша, Норвегия иммиграциялық саясатты қолдаушылардың кесірінен мұсылман мемлекетіне айналып кетеді.

Брейвик ісіне байланысты сот тыңдаулары 16 сәуірде басталады.
XS
SM
MD
LG