Accessibility links

ЕҚЫҰ: Тәжікстан сайттарды бұғаудан босатуы керек


ЕҚЫҰ-ның баспасөз еркіндігі жөніндегі өкілі Дуня Миятович. Алматы, 17 шілде 2010 жыл.

ЕҚЫҰ-ның баспасөз еркіндігі жөніндегі өкілі Дуня Миятович. Алматы, 17 шілде 2010 жыл.


Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Тәжікстан билігін Facebook әлеуметтік желісі мен бірнеше ақпарат сайттарын бұғаудан тез босатуға шақырды.

ЕҚЫҰ-ның баспасөз еркіндігі жөніндегі өкілі Дуня Миятовичтің тәжік билігіне жолдаған хатында "бұл әлеуметтік желілерге тыйым салған алғашқы оқиға" екені айтылады. Ұйым мұның осы тектес жалғыз әрекет қана болып қаларына, интернеттің пікір алмасатын еркін орын бола береріне сенеді.

Тәжікстанда 3 наурыздан бері үкімет жанындағы байланыс қызметінің бұйрығы бойынша Facebook әлеуметтік желісі және Tjknews.com, Maxala.org, Zvezda.ru сайттары ашылмай қалған.

7 наурыз күні Тәжік парламентіндегі көпшілік орынға ие халықтық-демократиялық партия "жастарды біріктіру үшін Facebook тәрізді әлеуметтік желі ашатындарын" мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG