Accessibility links

Египетте азаматтық белсенділер соты жалғасады


"Заңсыз шетел қаржысын пайдаланды" деп айыпталып, қамалған египеттіктер. Каир, 26 ақпан 2012 жыл.
"Заңсыз шетел қаржысын пайдаланды" деп айыпталып, қамалған египеттіктер. Каир, 26 ақпан 2012 жыл.
Каирде бүгін "шетелден заңсыз қаржы алды" деп айыпталған үкіметтік емес ұйым өкілдерінің соты қайта жалғасады. Айыпталған 43 адамның 27-сі - шетелдік.

Бұл іске байланысты Египет пен АҚШ билігі келіспей, дипломатиялық келіссөздер нәтижесінде сот шетелдік 13 адамның елден шығуына салған тыйымды алып тастады. Шетелдіктер бірден Египеттен кетіп қалды.

Бұл шешімді қабылдаған сот алқасы кейін міндеттерінен бас тартуға мәжбүр болды.

Human Rights Watch ("Хьюман Райтс Вотч") халықаралық құқық қорғау ұйымы Египет билігін белсенділерді қудалауды доғаруға шақырды.
XS
SM
MD
LG