Accessibility links

Тимошенконың жақтастары түрме маңында шеру өткізді


Юлия Тимошенко бейнеленген плакатты жапсырып жатқан адам. (Көрнекі сурет)

Юлия Тимошенко бейнеленген плакатты жапсырып жатқан адам. (Көрнекі сурет)

Украинаның бұрынғы премьер-министрі, Ресеймен арада газ жөніндегі келісім жасаған кезде қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыппен 7 жылға сотталған Юлия Тимошенконың жақтастары оны құттықтау үшін Харьковтегі колонияға келді.

«Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, түрме маңындағы шараға 200-ге жуық адам қатысқан. Тимошенконы 8 наурыз мерекесімен құттықтап, гүл ұстап келген азаматтардың арасында Украина Жоғарғы Радасындағы «Юлия Тимошенконың блогы – Батькивщина» фракциясының депутаттары Михаил Волынц пен Владимир Яворивский де бар.

Түрме маңында Одесса ұлттық опера және балет театрының әншілері романс айтты деп хабарлайды Азаттықтың Украин қызмет.

Колония әкімшілігі Юлия Тимошенкоға анасы және қызымен үш күн кездесуге рұқсат еткені де бүгін мәлім болды.
XS
SM
MD
LG