Accessibility links

Журналистерді қорғау комитеті (CPJ) әзербайжандық журналист, Азаттықтың Бакудегі тілшісі Хадижа Исмайловаға қауіп төніп отырғанын айыптады.

Бұл елдегі сыбайлас жемқорлық туралы, президент Ильхам Алиев отбасының оффшорлық аймақтағы құпия бизнесі жайлы туралы журналистік зерттеулерімен танылған Исмайлова наурыздың 7-сінде доқ көрсеткен хат алғанын айтқан.

Ол хатта «егер тыныш жүрмесең, масқара боласың» деген сөздер болған. Журналист өзіне төнген қауіп туралы қоғамға жариялап, әрекетсіз отырмайтынын ескертті.

Журналистерді қорғау комитетінің Еуропа мен Орталық Азия бойынша үйлестірушісі Нина Огниянова Исмайлованы «Әзербайжанның батыр әрі тәуелсіз журналисі» деп атады.

Журналистік топтар Әзербайжан билігін Исмайлованың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оған қауіп төндіргендерді ұстауға шақырды.
XS
SM
MD
LG