Accessibility links

Жаңаөзен қалалық ауруханасына өткен түнде тамақтан уланған ондаған адам түсті деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.

Аймақтағы төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасаған ақпарат көзінің дерегіне қарағанда, «АстанаСтройкомплекс» ЖШС-нің 46 жұмысшысы тамақтан уланып, Жаңаөзен қалалық ауруханасына жеткізілген, оның 24-і жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылған.

Оларға «Асқынған гастроэнтерит» диагнозы қойылған. Кей мәліметтерге қарағанда, жұмысшылар қуырылған балықтан уланған.
XS
SM
MD
LG