Accessibility links

Грекия жеке кредиторларының басым бөлігімен қарыз көлемін қайта қарауға келісті. Осының арқасында ең болмағанда, әзірге дефолтты айналып өтуге болады дейді олар.

Грекияның Қаржы министрлігі жұма күні 83 пайыздан аса жекелеген инвесторлар елдегі "қарыз айырбасы" келісіміне қатысуға келіскенін айтты. Грекия банкротқа ұшырамай, 130 миллиард еуро халықаралық көмекке қол жеткізем десе, кемінде осындай 75 пайыз келісім жасауы керек.

Осы "қарыз айырбасы" келісімі бойынша, Грекияның облигационерлері 53,5 процент жекеменшік құнды қағаздарын жоғалтуға келісіп отыр. Осы жағдайда Грекияның қарызы 107 миллиард еуроға азаяды.

Халықаралық валюта қорының басшысы Кристина Лагард еурозонадағы жаңа дағдарыс қаупі осымен әзірге жоғалды деп айтты.
XS
SM
MD
LG