Accessibility links

Ауған түрмелері ел билігі қарауына өтті


Кабулде қамау мекемелерін ауған билігіне өткізіп беру жайлы келісім жасалды. Бұл меморандумға Ауғанстан қорғаныс министрі Абдул Рахим Вардак және осы елдегі НАТО мен АҚШ әскерінің қолбасшысы генерал Джон Аллен қол қойды.

Кабулға іргелес Баграм әскери базасындағы Парван түрмесі жарты жыл ішінде біртіндеп америкалықтардан ауған билігіне өтуі керек. Келісімнің бұдан басқа егжей-тегжейі жария болған жоқ.

Түрмелерді ауған билігіне өткізіп беру ісі Ауғанстан мен АҚШ арасында көпке дейін даулы мәселе болып келген еді.
XS
SM
MD
LG