Accessibility links

Қытайда тибет және ұйғыр азаматтары оққа ұшты


Қытай полициясы елдің батысындағы Синьхай провинциясында Тибет тәуелсіздігі үшін күресуші белсендіні ұстау кезінде тибеттік бір тұрғынды атып өлтіріп, екеуін жаралады деп хабарлайды "Азат Азия" радиосы.

Ол үш адам бұған дейін қарсылық шарасы ретінде үкіметтік ғимараттағы қытай туын жұлып алған жолдастарын қорғамақ болған.

Қытай билігі әсіресе бүгін - Тибет халқының 1959 жылғы көтерілісі болған күні ерекше сақтық шараларын жасап жатыр.

Бүгін Қытайдағы Шыңжаң-ұйғыр автономиялы ауданында да жергілікті төрт ұйғыр азаматы мерт болды. "Олар - экстремистің топтың мүшесі, лаңкестік жасамақ болған" дейді Қытай билігі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG