Accessibility links

Наталья Соколова түрмеден шықты


Маңғыстаудағы ереуілші мұнайшылар құқық қорғаған заңгер, 2011 жылдың тамыз айында «әлеуметтік жанжал тудырды» деген айыппен 6 жылға сотталған Наталья Соколова халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында бостандыққа шықты.

Ол 9 айдан астам уақыт Атырау қаласындағы 157/11 әйелдер колониясында жазасын өтеді.

Бас прокуратураның наразылығы негізінде жоғарғы сот наурыздың 6-сында Соколованы босату туралы қаулы шығарды. Ол қаулы негізінде Наталья Соколоваға 6 жылдың орнына 3 жыл жаза мерзімі беріліп, шартты жаза тағайындалды. Бұл 3 жылдың 2 жылы – сынақ мерзімі. Оған қоса заңгерге 3 жыл қоғамдық жұмыстарға араласуға тыйым салынды.
XS
SM
MD
LG