Accessibility links

Ресейде оппозицияның қарсылық шеруі өтіп жатыр


Мәскеуде оппозицияның «Әділ сайлау үшін» қарсылық шарасы өтіп жатыр. Жаңа Арбатқа жиналған халықтың саны 20-30 мың шамасында. Шерушілер арасында Владимир Рыжков, Григорий Явлинский, Сергей Митрохин сияқты саясаткерлер де бар.

Жиналғандар парламент және президент сайлауын қайтадан өткізуді, саяси тұтқындарды босатуды талап етті.

Қарсылық акциясы болған маңда, қаланың басқа да алаңдары мен көшелерінде қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

«Әділ сайлау үшін» акциясы Ресейдің басқа қалаларында да өтті. Петербургте оппозицияның рұқсат етілмеген шеруін полиция тоқтатты. Нева даңғылына өтпек болған 20 шақты белсендінің онын полиция тұтқындады.

Барнаулда да оппозицияның билік рұқсат еткен "Сайлаудан кейінгі өмір" атты шеруі болды. Ол шараға 100-ге тарта адам қатысқан. Олар да Путиннің қызметтен кетуін, Мемлекеттік думаға қайтадан сайлау өткізуді талап етті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG