Accessibility links

Газада 14 адам, Израильде 8 адам көз жұмды


Газадағы зымыраннан қираған көлік.
Газадағы зымыраннан қираған көлік.
Израильдің Газа секторын жұма мен сенбі күндері әуеден атқылауы кесірінен палестиналық 14 адам мерт болды.

Газа секторынан Израильге қарсы атылған зымыраннан 8 израильдық көз жұмды.

Газа секторы маңындағы 40 шақырымдық аумақ соғыстан тыс аймақ деп жарияланды. Бұл маңдағы 520 мыңдай адам бомбадан қорғанатын орындарда түнеп шықты. Израиль оңтүстігіндегі қоғамдық шаралардың бәрі өтпейтін болды. Эйлат қаласына баратын жол да жабылды.

Жұма күні кешке Израиль әуе күштері "Халық қарсылық комитеті" радикалшыл тобының басшысы Зухейра аль-Кейси мен топтың беделді мүшелерінің бірі Махмуд Хананиді өлтірген еді. Газа аумағындағы осы ұйым мен "Ислам жиһады" тобына тиесілі алты нысан (зымыран мен жарылғыш қару жасайтын екі завод, Газа секторына қару-жарақ таситын туннель, жаттығу базасы және бірнеше зымыран құрылғысы) Израиль шабуылынан қирады.

Қарсы тарап жұманың кешінен бері Израильді зымыранмен атқылап жатыр. Соңғы бір күнде Израильге қарсы 80 зымыран атылған, 20 шақты зымыранды "Темір күмбез" зымыраннан қорғаныс жүйесі тұтып қалды деп хабарлайды Азаттық радиосының тілшісі Эла Котлер.
XS
SM
MD
LG