Accessibility links

Словакия солшылдары сайлауда жеңіп шықты


SMER социал-демократиялық партиясының жетекшісі Роберт Фицо. Братислава, 12 қазан 2011 жыл
SMER социал-демократиялық партиясының жетекшісі Роберт Фицо. Братислава, 12 қазан 2011 жыл

Словакияда мерзімінен бұрын өткен парламент сайлауында солшыл бағыттағы оппозиция ретінде танылып жүрген социал-демократиялық SMER партиясы жеңіске жетті.

Елдің статистика қызметінің алдын-ала хабарлауынша, бұрынғы премьер-министр Роберт Фицоның партиясы 45 пайызға жуық дауыс жинап, 150 орындық парламенттің 84 орнын иеленген. Бұл қорытынды бойынша, Роберт Фицо үкіметті жеке дара басқара алады.

Дәл сайлаудың тұсында Словакияның арнайы қызмет орындарының жергілікті Демократиялық және христиандық одақ партиясының жетекшісі, елдің тағы бір бұрынғы премьер-министрі Микулаш Дзуринданың үкімет мүшелеріне қатысты құпия құжаттары жарияланып кеткен еді. Ол құжаттарда заңсыз жекешелендіру мен тендерлік келісім-шарт жасасу туралы ақпарат бар.

Жексенбі, 11 наурызда өткен сайлауға дейін Дзуринда Словакияның сыртқы істер министрі қызметін атқарды. Ал оның партиясы коалициялық үкіметтің бір бөлігі болып келді.
XS
SM
MD
LG