Accessibility links

Пешавар маңында жанкешті шабуыл жасады


Жанкешті ұйымдастырған жарылыста қаза тапқандар мен жараланғандардың туыстары аурухана алдында тұр. Пешавар, 11 наурыз 2012 жыл
Жанкешті ұйымдастырған жарылыста қаза тапқандар мен жараланғандардың туыстары аурухана алдында тұр. Пешавар, 11 наурыз 2012 жыл

Талибанға қарсы шығып жүрген пәкістандық саясаткер Пешавардың түбінде өткен жаназаға қатысып жатқанда бір жанкешті өзін-өзі жарып жіберген. Жарылыс кезінде кем дегенде 13 адам өліп, 30 адам жараланды.

11 наурыз болған жанкештілік шабуылдың Пешавардағы Лэди Рэдинг Хоспитал ауруханасына түскен құрбандарының ішінде бесеуі аса ауыр халде деп хабарлады жергілікті ресми орын өкілдері.

Полицияның айтуынша, Хуш Дил Хан есімді зайырлылықты қолдайтын жергілікті саясаткер Бадха Бера ауылында өзіне қастандық ретінде жасалған жарылыстан аман қалған. Жанкешті жаназа намазы оқылып жатқан орынға кіріп кетіп, қастандық жасамақ болған.
XS
SM
MD
LG