Accessibility links

Маңғыстау облысына БҰҰ өкілі барды



БҰҰ бас хатшысының өкілі Мирослав Енча Жаңаөзендегі жағдаймен танысып, былтырғы 16 желтоқсанда болған қанды оқиғаның себептерін білу үшін Маңғыстау облысына барды. Бұл туралы қазақстандық ақпарат агенттіктері облыстық баспасөз қызметіне сілтеме жасап, хабарлап жатыр.

Tengrinews ақпарат агенттігінің жазуынша, 11 наурызда баспасөз мәслихатын өткізген Мирослав Енча: "Маңғыстау облысына келген сапарым Қазақстан үкіметінің шақыруының негізінде ұйымдастырылды. Сапардың мақсаты - Жаңаөзен қаласындағы жағдаймен танысу, 2011 жылғы 16-17 желтоқсан күндері болған оқиғаның себептерін, аймақтың тұрақты дамуы және болашақта мұндай қайғылы оқиғаны болдырмау үшін жасалып жатқан іс-шараларды талқылау" деп мәлімдеген.

Мирослав Енча Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджановпен кездескен. Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өкіл Жаңаөзен қаласына барып, жергілікті билік орындары мен азаматтық қоғам өкілдерімен, тұрғындармен жүздеседі.
XS
SM
MD
LG