Accessibility links

Кофи Аннан Дамаскімен келісім жасай алмады


БҰҰ мен Араб лигасының Сирия бойынша өкілі Кофи Аннан мен президент Башар әл-Асадтың кездесуі. Дамаск, 10 наурыз 2012 жыл.

БҰҰ мен Араб лигасының Сирия бойынша өкілі Кофи Аннан мен президент Башар әл-Асадтың кездесуі. Дамаск, 10 наурыз 2012 жыл.

БҰҰ мен Араб лигасының Сирия бойынша өкілі Кофи Аннан Сирия басшылығымен екі күн бойына келісімге келе алмай, елден кетіп қалды.

Өткен сенбіде басталған келіссөздерде президент Башар әл-Асад "елде террористік топтар белсенді қимылдап жатыр" деп, Аннанның саяси диалог орнату ұсынысын қабылдамай тастаған. Мұның алдында Кофи Аннан Дамаскімен ортақ келісімге келуге үміт бар деген болатын.

Ал оппозиция болса жағдайды реттеу үшін Башар әл-Асад биліктен кетуі керек деп отыр.

Жексенбіден бері үкімет әскері Идлиб провинциясындағы көтерілісшілерге қарсы шабуылын жалғастырып жатыр. Құқық қорғаушылардың дерегі бойынша, шабуылдардан ондаған адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG