Accessibility links

Уго Чавеске радиациялық терапия жасалмақ


Венесуэла президенті Уго Чавес.

Венесуэла президенті Уго Чавес.

Венесуэла президенті Уго Чавес таяу аптада жамбас тұсындағы қатерлі ісігінен емделу үшін радиациялық терапиядан өтетінін хабарлады.

Куба астанасы Гаванадан сөйлеген Чавес 26 ақпанда өзіне қатерлі ісікке үшінші операция жасалғанын айтты. Айтуынша, операция сәтті өткен, біртіндеп жазылып келе жатыр. Таяуда еліне оралмақ.

Уго Чавесте қатерлі ісік өткен жылы табылған еді. Сол кезде оған Кубада алғашқы операция, одан соң бірнеше химиотерапия да жасалған.

Уго Чавес күзде өтетін президент сайлауына кандидатурасын ұсынып отыр.
XS
SM
MD
LG