Accessibility links

Хомста 47 адамның мәйіті табылды


Хомс қаласындағы қирап, бүлінген үйлер. Сирия, 9 наурыз 2012 жыл.
Хомс қаласындағы қирап, бүлінген үйлер. Сирия, 9 наурыз 2012 жыл.
Сирияның көтерілісшілер ұзақ уақыт бекінген Хомс қаласында 47 әйел мен жас баланың мәйіттері табылды.

Хомстық оппозиция өкілі Хади Абдалланың France Press агенттігіне айтуынша, қаланың Карм әл-Зәйтүн және әл-Адавийе аудандарында 26 бала мен 21 әйелдің мәйіттері табылған. Мәйіттердің кейбірінде азаптау, қинау белгілері бар.

Deutsche Presse-Agentur агенттігі әйелдер мен балаларды жексенбі, 11 наурыз күні кешкісін өлтірген дейді.

Ал мемлекеттік телеарнаның хабарлауынша, олардың өліміне "қарулы террористік топтар" кінәлі. Телеарна террористік топтар "Хомс тұрғындарын тонап, артынан өлтіріп тастаған, сосын сириялық әскерилердің беделін түсіру үшін мәйіттерді суретке түсіріп алған" дейді.
XS
SM
MD
LG