Accessibility links

Беларусь оппозицияға шетелге шығуға тыйым салды


Беларусьтің мемлекеттік шекара қызметінің өкілі Александр Тищенко елдегі бірқатар оппозициялық саясаткер мен белсендіге шетелге шығуға тыйым салынғанын мәлімдеді.

Тищенко өткен аптада елден шығуға рұқсат берілмегендер оның "мәнін сыртқы істер министрлігінен барып сұрауы қажет" екенін айтады.

1 наурызда Беларусь бас прокуратурасы Еуроодақтың Минскіге салған санкциясын қолдайтындарға шетелге шығуға тыйым салынуы мүмкін екенін айтқан.

Өткен аптада оппозиция жетекшілері - Анатолий Лебедько, Александр Добровольский және Виктор Корнеенкоға шекарадан Литваға жбермей қойған.

Еуроодақ елдері ақпанның соңында саяси қарсыластарын қудалап жатқаны үшін Беларусь билігіне қарсы жаңа санкция салған болатын.
XS
SM
MD
LG