Accessibility links

RWB: Қазақстан интернетке бақылау қоя бастады


"Шекарасыз тілшілер" ұйымының 2011 жылы дайындаған интернетке бақылау жасайтын елдер жайлы есебі.

"Шекарасыз тілшілер" ұйымының 2011 жылы дайындаған интернетке бақылау жасайтын елдер жайлы есебі.

"Шекарасыз тілшілер" (Reporters Without Borders) ұйымы "Қазақстан 2011 жылы интернетке бақылау орната бастады" деп мәлімдеді.

Интернет пен оны пайдаланушыларға бақылау жасау турасында даярлаған есебінде ұйым 2011 жылы үкіметтің интернет кеңістігін бақылауға алуына түрткі болған жайттарды атап өтеді. Олардың қатарында мұнайшылар ереуілі мен Жаңаөзен оқиғасы, бірқатар қалада жарылыстардың болуы және президент денсаулығының сыр бере бастауы келтірілген.

"Мұның бәрі үкіметті ақпараттық веб-сайттарды бұғаулап, Жаңаөзен оқиғасы кезінде қала аумағында байланысты үзіп тастауға және интернетке қысымды күшейтуге мәжбүрледі" дейді ұйым.

"Шекарасыз тілшілер" Қытай, Иран, Куба, Сауд Арабиясы, Өзбекстан, Түркіменстан сияқты бірқатар елді интернет пайдаланушыларына бұдан да қатаң қысым жасайды деп, "интернеттің жаулары" қатарына қосыпты.

Қазақстан ұйым тізіміне биыл жаңадан қосылып отыр.
XS
SM
MD
LG