Accessibility links

БҰҰ: Суды үнемдеп пайдалану керек


Францияның Марсель қаласында өтіп жатқан Су мәселелеріне арналған дүниежүзілік форумның логотипін бейнелейтін мүсін. Франция, 12 наурыз 2012 жыл.
Францияның Марсель қаласында өтіп жатқан Су мәселелеріне арналған дүниежүзілік форумның логотипін бейнелейтін мүсін. Франция, 12 наурыз 2012 жыл.
БҰҰ дүйсенбіде жариялаған баяндамасында "әлемдегі су тапшылығын азайту үшін су көздерін тиімді пайдаланудың мүлдем жаңа әдісін енгізу қажет" деп мәлімдеді.

Баяндамада 2050 жылға қарай әлемде азық-түлікке деген сұраныс 70 пайызға дейін өсетіні айтылған. Ал ауыл шаруашылығындағы суға деген сұраныс 20 пайызға артпақ.

"Суды үнемдеп пайдаланбаса, оның тапшылығы арта береді. Ауа райының өзгерісі жауын-шашынның түсуіне де әсер етіп, су басу мен құрғақшылыққа ұрындырады" дейді ұйым.

Баяндама жасалған 12 наурызда Францияның Марсель қаласында алты күнге созылатын су мәселесіне арналған дүниежүзілік форум басталды. Үш жылда бір өтетін форумға саясаткерлер, корпорациялар мен үкіметтік емес ұйымдар қатысып жатыр.

Форумға қатысушы елдердің министрлері 13 наурызда су мәселесін реттеуді міндеттейтін мәлімдеме жасамақ.
XS
SM
MD
LG