Accessibility links

Панетта: АҚШ сарбазы өлім жазасына кесілуі мүмкін


АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетта.

АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетта.

Өткен аптада Ауғанстанның Қандағар уәлаятында 16 бейбіт тұрғынды атып тастаған АҚШ сарбазы өлім жазасына кесілуі мүмкін деп мәлімдеді АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетта.

Оның сөзіне қарағанда, АҚШ әскери басшылығы сарбаздың ісімен әскери органдардың айналысуына күш салып жатыр. АҚШ заңы бойынша, мұндай қылмыс жасаған адам өлім жазасы кесіледі.

11 наурызда Қандағар уәлаятында әскери базадан ауылға қарай шығып кеткен сарбаз 16 бейбіт тұрғынды атып тастап, базаға қайта оралған. Қаза тапқандардың 9-ы - балалар. Сарбаздың аты-жөні әзірге аталмай отыр.

Леон Панеттаның айтуынша, бұл қайғылы оқиға АҚШ-тың Ауғанстандағы стратегиясына әсер етпеуі керек. Президент Барак Обама да бұған дейін осыны айтқан.

Вашингтон ауған үкіметі мен халқынан ресми түрде кешірім сұрады.
XS
SM
MD
LG