Accessibility links

Тағы бір тибеттік монах өзін-өзі өртеді


Қытайдың Сычуань провинциясында 18 жастағы тибеттік монах өзін-өзі өртеп жіберді.

Free Asia радиосының хабарлауынша, оқиға өткен сенбіде - Далай Ламаның Тибетті Қытай әскерлері басып алған соң шетелге кетіп қалғанына 53 жыл толған күні болған.

Free Tibet құқық қорғау ұйымының ақпары бойынша, монах өзін әскери базаның жанында өртеген. Жергілікті тұрғындар оның мәйітін тибеттік дәстүр бойынша жерлемек болған. Бірақ әскерилер мәйітті бермей қойған.

Соңғы жылдары Қытайдың Тибеттегі саясатына наразылық ретінде 24 монах өзін-өзі өртеп жіберді.

Қытай мұндай әрекеттерге тибеттіктердің қуғындағы көсемі Далай Ламаны кінәлайды. Ал Далай Лама "бұған себеп - Қытайдың аймақта жүргізіп отырған "мәдени геноцид" саясаты" дейді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG