Accessibility links

Қырғыз министрі "көмір дауына" байланысты істі болды


Қырғызстанның энергетика министрі Аскарбек Шадиевке байланысты "Қазақстаннан 9 мың тонна улы көмір сатып алуға қатысы бар" деген айыппен қылмыстық іс қозғалды.

Қырғызстан бас прокуратурасының хабарлауынша, министрге "қарапайым азаматтардың құқықтарының бұзылуына себеп болған қызмет бабын асыра пайдаланды" деген айып тағылды. Оның орынбасары Қайрат Жұмалиев "қызметіне немқұрайды қарады" деп айыпталды.

Қырғызстан өткен жылдың қыркүйегінде Қазақстаннан сатып алған көмірдің радиоактивті екенін анықтаған еді. Ал ақпан айында қырғыз билігі көмір сатып алып, оны жергілікті мектептерге таратуға шешім қабылдаған жеті шенеунікті тұтқындағанын хабарлаған.

Улы көмірдің қалғаны өткен айда Қазақстанға қайтарылды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG