Accessibility links

Тәжікстанда электр қуаты қымбаттайды


Тәжікстанның ең ірі су электр станциясы орналасқан Нүрек су қоймасы.

Тәжікстанның ең ірі су электр станциясы орналасқан Нүрек су қоймасы.

Тәжікстан үкіметі сәуірден бастап елде электр қуатын тұтыну тарифтерін 20 пайызға өсіретінін хабарлады. Мемлекеттік электр энергиясын тарататын "Барки Тожик" компаниясы электр қуатын беру нормасы да қысқаратынын айтады.

Тәжікстанда тұрғындарға күніне бес-алты сағат қана электр энергиясы беріледі. Алдағы уақытта бұл норма кейбір аймақтарда үш-төрт сағатқа дейін қысқармақ.

Ал оппозициялық исламдық қайта өрлеу партиясы мұны айыптап, "қымбаттау мен қысқарту өзі де кедей халықты одан ары кедейлендіре түседі" дейді.

Билік электр қуатының тапшылығына елдегі ең ірі су электр станциясы орналасқан Нүрек су қоймасындағы судың азайып кетуі себеп болғанын айтады.
XS
SM
MD
LG