Accessibility links

Сирия БҰҰ өкілі ұсынысына жауап қайтарды


Кофи Аннан мен Башар әл-Асад Дамаскіде келіссөз үстінде. Сирия, Дамаск, 10 наурыз 2012 жыл.
Кофи Аннан мен Башар әл-Асад Дамаскіде келіссөз үстінде. Сирия, Дамаск, 10 наурыз 2012 жыл.
Сирия билігі БҰҰ мен Араб лигасының Сириядағы арнайы өкілі Кофи Аннанның елдегі дағдарысты реттеу туралы ұсынысын қабыл алып, жауап қайтарды.

Бұл жайында сейсенбі күні кешке Аннанның өкілі Ахмад Фаузи мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір Дамаскінің жауабы қаралып жатыр. Фаузи бұдан ары ешқандай мәлімет бермеді.

Сейсенбіде Сирия президенті Башар әл-Асад елде толқулар мен қақтығыстардың әлі жалғасып жатқанына қарамастан, 7 мамырға парламент сайлауын өткізуді белгіледі. Сайлау ақпанда референдумда мақұлданған жаңа конституция бойынша өтпек.

Хомс қаласында сейсенбіде тағы 20 адамның қаза тапқаны туралы ақпарат түсті. Көтерілісшілер бақылауындағы қалаға таяуда ғана Башар әл-Асадты қолдайтын үкімет әскері кірген болатын.

Үкімет әскері сейсенбіде көтерілісшілерден Түркиямен шекарадағы Идлиб қаласын тартып алды.
XS
SM
MD
LG