Accessibility links

АҚШ: "Манас" - Ауғанстан миссиясы үшін өте маңызды


Бұсұрманқұл Табалдиев (оң жақта) пен Леон Панетта Манас әскери базасындағы кездесуде. Бішкек, 13 наурыз 2012 жыл.
Бұсұрманқұл Табалдиев (оң жақта) пен Леон Панетта Манас әскери базасындағы кездесуде. Бішкек, 13 наурыз 2012 жыл.
"АҚШ-тың Манас әуе базасын 2014 жылдан кейін де пайдалана беруі - Вашингтонның Ауғанстандағы миссиясы үшін өте маңызды" деді АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетта қырғыз билінің өкілдерімен кездесуінде.

АҚШ делегациясы құрамындағы аты-жөнін атамаған шенеуніктің айтуынша, "АҚШ Бішкек маңындағы әуе базасын пайдалану туралы жаңа шартта екі жақ ортақ келісімге келеді деп үміттенеді".

АҚШ-тың Манас әуе базасын пайдалану мерзімі 2014 жылы аяқталады. Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев бұған дейін "аймақтағы базаларды америка әскерилерінің пайдалануы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді" деген еді.

Панеттамен кездескен Қырғызстан қорғаныс кеңесінің хатшысы Бұсұрманқұл Табалдиевтің айтуынша, билік болашақта әуе базасын тек азаматтық мақсатта ғана пайдалануға бере алады
XS
SM
MD
LG