Accessibility links

Жаңаөзен бойынша істі қарау 27 наурызда басталады


Жаңаөзен қаласының орталық алаңы. Жаңаөзен, 15 қаңтар 2012 жыл.
Жаңаөзен қаласының орталық алаңы. Жаңаөзен, 15 қаңтар 2012 жыл.
"Ақтау қалалық қылмыстық соты 27 наурызда Жаңаөзен мен Шетпедегі тәртіпсіздіктер бойынша қозғалған қылмыстық істі қарайтын болды. Іс бойынша 37 адам айыпты деп танылып отыр" деп хабарлады Ақтау қаласы қылмыстық сотының судьясы Аралбай Нағашыбаев.

2011 жылдың 16 желтоқсанында Жаңаөзенде, 17 желтоқсанында Шетпе станциясында болған оқиға салдарынан, ресми мәлімет бойынша, 17 адам қаза тапқан, 100-ге тарта адам жараланған.

Оған дейін жергілікті мұнайшылар жеті ай бойына жалақыны көтеруді талап етіп, ереуіл өткізіп келген еді.
XS
SM
MD
LG