Accessibility links

АҚШ Ресейден Иранға ескерту жасауын сұрады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтан Иранды ядролық бағдарламасы бойынша келісім жасап, соғысты болдырмауға соңғы мүмкіндігі қалғанын ескертуді сұрады. Бұл туралы ресейлік "Коммерсант" басылымы 14 наурыздағы нөмірінде жазады.

Басылымның жазуынша, аталған мүмкіндік Иранға сәуірде өтетін Ресей, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Германияның кездесуі қарсаңында беріліп отыр.

"Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху таяуда ғана АҚШ-қа сапарында президент Барак Обамадан Израильдің Иранға шабуыл жасауын қолдауды сұрады" дейді "Коммерсант".

Қолдамаған жағдайда, Обама президент сайлауы қарсаңында АҚШ-тағы еврей лоббилерінің қолдауынан айырылады деп ескерткен.
XS
SM
MD
LG