Accessibility links

Швейцарияда автобус апатқа ұшырап, 28 адам қаза тапты


Швейцарияда оқушылар мінген автобус туннель қабырғасына соғылып, 28 адам қаза тапты. Оның ішінде 22-сі - мектеп оқушылары. 24 бала жараланып, ауруханаға түскен.

Автобус Швейцарияның Альпі тауларындағы шипажайда демалған балаларды Бельгияға алып келе жатқан.

Бельгияның сыртқы істер министрі Дидье Рейндерс қаза тапқандардың аты-жөндері анықталып жатқанын айтады.

Жол апатының не себептен болғаны тексеріліп жатыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG