Accessibility links

Ошта қайта сайлау өткізуді талап етті


Ошта "Ұлттар бірлігі" партиясының жақтастары өткізген митинг. Ош, 14 наурыз 2012 жыл.

Ошта "Ұлттар бірлігі" партиясының жақтастары өткізген митинг. Ош, 14 наурыз 2012 жыл.

Сәрсенбіде Қырғызстанның Ош қаласында "Ұлттар бірлігі" партиясының жақтастары митингі өткізіп, қалалық кеңеске сайлауды қайта өткізуді талап етті.

1500-ге жуық адам қатысқан митнигіде жиналғандар партияның 4 наурыздағы сайлауда үш сайлау учаскесінде көпшілік дауыс жинағанын айтады. "Бірақ сайлау комиссиясының мұны жоққа шығаруға тырысады, сондықтан даулы үш учаскеде сайлауды қайта өткізуді талап етеміз" дейді "Ұлттар бірлігі" партиясының жетекшісі Таалайбек Сабыров.

13 наурызда "Ұлттар бірлігі" партиясынан сайлауға түскен кандидаттар жиын өткізіп, сайлау нәтижелерін бұрмаламауды талап еткен болатын.
XS
SM
MD
LG